Шымкентте қоғамдық көлік "Мерседес" жүргізушісін майып қылды (видео)

0
1 560

Жолаушыларын аялдамадан тастап автобекетке қарай жолға шыққан 27 ші бағыттағы қалалық автобус Сайрам бағытына қарай кетіп бара жатқан.


Шымкентте қоғамдық көлік

Шымкентте қоғамдық көлік "Мерседес" жүргізушісін майып қылды. Жеңіл көліктің де тас талқаны шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі


Бір ғажабы, "Мерседестегі" жолаушылар дін аман. Қоғамдық автобустың да жүргізушісі жарақат алмаған. "Мерседестің" көлік жүргізушісіне жедел жәрдем қызметіндегілер медициалық көмек көрсетті. Облыс орталығында кешкі сағат 10 шамасында Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінің қиылысында қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Жолаушыларын аялдамадан тастап автобекетке қарай жолға шыққан 27 ші бағыттағы қалалық автобус Сайрам бағытына қарай кетіп бара жатқан.


Сол сәтте қарсы алдынан "Мерседес" көлігі шыға келген. Жеңіл көліктің жүргізушісінің сөзіне қарағанда жол белгісінің арқасында, яғни жол белгісінен автобусты байқамай, қарсы бетке шығып кеткен. Соқтығыс салдарынан автобустың алдыңғы бөлігі зақымдалды. Қатты соққы екі көлікті де едәір зақымдап, темір тұлпарларға қомақты шығын келген. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінде жол қозғалысы тоқтатылды. Қас қағым сәтте орын алған жол көлік оқиғасының себеп салдарын жол полициясы инспекторлары саралап жатыр.