Шымкентте қоғамдық көлік тарифін көтеруге мораторий жарияланды

0
1 107

Бағыттарда қызмет көрсетуге түзілген шарттар жаңартылуда, ал шарттары бұзылған №38, №101, №33, №12а, №134, №21 бағыттарына мамыр айының басында конкурс ұйымдастырылады.​


Шымкентте қоғамдық көлік тарифін көтеруге мораторий жарияланды

Бұл туралықала әкімдігінде қоғамдық көлік бойынша өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бағыттарда қызмет көрсетуге түзілген шарттар жаңартылуда, ал шарттары бұзылған №38, №101, №33, №12а, №134, №21 бағыттарына мамыр айының басында конкурс ұйымдастырылады.





№112-ші квартал, «Текесу», «Алтынтөбе», «Ақжайық» «Достық-2», тұрғын алаптарына жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар 10 автобус бағытының тағдыры да мамырда ұйымдастырылатын конкурста шешіледі.

Қала басшысы Н. Сауранбаев қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен санитарлық тазалығының талаптарға сай болуын, жүргізушілер мен кондукторлардың бірыңғай киімді және қызметтік мәдениетті сақтауын, қозғалыс кестелерінің кешкі уақыттарда орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жол жүру ережелерін бұзған және басқа да талаптарды орындамаған көлік компанияларымен заңға сәйкес келісімшарттарды бұзуға, интеллектуалды бағдаршам санын арттыруға, сондай-ақ заңсыз ұйымдастырылған такси тұрақтарын жою туралы тапсырма берді.