Шымкентте пайғамбар жасына келген азамат әйелін пышақтап тастады

0
1 794

Егде жаста әйелін өз қолымен өлтірген ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.


Шымкентте пайғамбар жасына келген азамат әйелін пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Шымкентте көпқабатты тұрғынүй подъезінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Күншығыс шағынауданындағы 67-ші үйде 63 жастағы ер адам үшінші қабаттың алаңшасында 57 жастағы әйелінің кеуде тұсына төрт рет пышақ сұққан. Алған дене жарақаттарынан әйел сол жерде қаза болған.

Егде жастағы әйелін өз қолымен өлтірген ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сот санкциясымен 1955 жылы туған Түлкібас ауданының тумасына 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.