​Шымкентте педофил ұсталды

0
2 520

Шымкентте кішкентай қыздарды шешіндіріп фотоға түсірген педофил ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Шымкентте педофил ұсталды

иллюстрацияқ фото: novosti-saratova.ru

Шымкентте кішкентай қыздарды шешіндіріп фотоға түсірген педофил ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

23 наурыз күні кешкісін ҚР Ұлттық Гвардиясының патрульдік тобы педофилдік әрекетпен күдікті деп таныған ер-азаматты ұстаған.

Кешкілік 20-45 сағат шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Уалиханов көшесі бағытында қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде патрульдік топтың басшысы ефрейтор Бекзат Мамановқа жергілікті азаматшадан еуропанәсілді белгісіз азаматты іздеу бойынша өтініш келіп түседі.

Әйелдің айтуынша, өзі жоқ кезде көпқабатты үйдің подъезінде оның 6 жасар екі қызына 25-30 жас шамасындағы ашық түсті күртеше киген күдікті ер-азамат келіп, күш көрсетпей кішкентай қыздарды шешінуге үгіттеген. Содан соң ол қыздарды өзінің планшетіне суретке түсіріп алған.

Патрульдік топтың басшысы тез арада өзінің отрядына хабарлап, іздеу жұмысын бастайды. Бір сағаттың көлеміндегі іздеу жұмысы нәтижесінде патрульдік топтағы қатардағы жауынгерлер Бекжанов Ыбырай мен Таңатаров Әнуармен бірге күдіктіні қолға түсірді.