Шымкентте полицейлер автобөлшектерді ұрлаған күдіктіні ұстады

0
1 135

Жәбірленушінің бірі хабарлағандай, қылмыскер автокөлігінен жарты миллион теңгеге бағаланатын екі жағындағы айнасын алып кеткен. ​


Шымкентте полицейлер автобөлшектерді ұрлаған күдіктіні ұстады

ERNUR.KZ. Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ полицейлері қалада автокөлік бөлшектерін ұрлап жүрген күдікті ретінде Алматылық тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тергеу кезінде күдіктінің автобөлшектерді ұрлаудың 20-дан астам жайтына қатысы бары анықталды. Өз көліктерін қараусыз қалдыратын автокөлік иелерінің немқұрайлығын пайдаланып, қылмыскер автобөлшектерді ұрлап, сатып отырған, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Жәбірленушінің бірі хабарлағандай, қылмыскер автокөлігінен жарты миллион теңгеге бағаланатын екі жағындағы айнасын алып кеткен.