Ауыл квотасымен оқуға түскен жастарға диплом алған соң 3 жыл туған ауылында жұмыс істеуді міндеттеу қажет

0
1 334

ОҚО Әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі жастар облыс xалқының 26%-ын құрайтынын айтты. "дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 905 жас маман жұмысқа орналасса, "жастар практикасы" бойынша 5204 адам жұмысқа орналасқанын айтты.


Ауыл квотасымен оқуға түскен жастарға диплом алған соң 3 жыл туған ауылында жұмыс істеуді міндеттеу қажет

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің ХХІ көшпелі отырысы болды. Отырыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Руxани жаңғыру" бағдарламасының 1 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиында ОҚО Әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі жастар облыс xалқының 26%-ын құрайтынын айтты. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 905 жас маман жұмысқа орналасса, "жастар практикасы" бойынша 5204 адам еңбекпен қамтылған. Осы тақырыпқа байланысты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы "Серпін" бағдарламасына бөлінген оқу грантының 50%-ы, яғни, 7587-сі оңтүстік жастарына берілгендігін айтты. Спорт саласында да 16-17-18 жас аралығындағы ең жас Олимпиада ойындарының спортшылар - оңтүстік жастары, деді министр.

Белгілі журналист Қанат Әуесбай шалғайдағы ауыл жастарына менторлық ету мәселесін көтерді.

"Менторлық ету" дегенде міндетті түрде кәсіп ашуға көмектесу емес, сол ауылдарға барып, жастармен кездесіп, мүмкін болса кітап сыйлап кетіңіз. Оқуға түсуіне жәрдемдесіңіз. Қарапайым тұрғын ретінде барсаңыздар ауылдың барлық тұрмыс-тіршілігін көресіздер. Әкім келе жатыр дегенді естігеннен бастап ауылдықтар дайындықты бастайды. Содан тек қызыл кілеммен жүріп, жарқыратып қойған жерді көресіздер", - деді.

Осы ретте ауыл квотасымен оқуға түскен жастарға оқуды бітірген соң 3 жыл сол ауылда жұмыс істеуді міндеттеу жағы да сөз болды. Мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланушы жастардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 53,1% артқан.

Көшпелі жиын еліміздің бірнеше облыс, қалаларында өтеді деп жоспарлануда.