​Шымкентте ревматологтар бас қосты

0
1 147

Бүгінгі таңда мүгедектікке әкеліп соқтыратын мұндай қауіпті дертпен халықтың 15 пайызы зардап шегіп отыр.


​Шымкентте ревматологтар бас қосты

иллюстрациялық фото

Оңтүстік Қазақстан облыстық Медицина академиясында халықаралық ревматологтардың қатысуымен кең тараған ауру түрін талқылауға арналған тәжірибелік конференция болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда мүгедектікке әкеліп соқтыратын мұндай қауіпті дертпен халықтың 15 пайызы зардап шегіп отыр. Аталмыш конференцияның бұл оқу орнында өтуі де тегін емес. Осыдан тура 15 жыл бұрын осы ғимаратта еліміздегі ревмотология ісін жандару қолға алынған. Оған еліміздің әр өңірлерінен және Ұлыбритания, Ресей, Ташкент елдерінен ревматологтар келген.

Бирменгем университетінің профессоры Артем Гаспарянның сөзіне қарағанда, Қазақстанда буын аурулары жиі кездеседі. Сонымен қатар ревматоидты артроид көптеп пайда болуда. Соның салдарынан 93 мың адам артриттен зардап шегеді. Мұндай жағдайда ревмотологтар ғана емес, тәжірибелік дәрігерлер диагнозды дәл тауып қоя білуі керек.

Енді екі күнге созылатын жиын барысында дәрігерлер ревмотологиялық қызметті жетілдіруді, ерте диагностикалап емдеу түрлерін талқыға салады.