Шымкентте сенбілік жәрмеңкенің орны ауысты

0
1 058

жәрмеңкеге келушілерді 19 мамыр күні арнайы бөлінген 5 автобус орталық стадион мен «Барыс» сауда орталығының арасында тегін тасымалдайды.​


Шымкентте сенбілік жәрмеңкенің орны ауысты

ERNUR.KZ. Жаз мезгілінің келуіне орай, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында ұйымдастырылатын жәрмеңке биылғы 19 мамырдан бастап Шымкент қаласы Темірлан тасжолы мен Алматы айналма тасжолының қиылысындағы «Бек» жанар-жағармай бекетінен 300 метр жерде орналасқан «Барыс» сауда қатарына көшіріледі. Бұл сауда қатарына қаланың орталығынан №135 және 26 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілерді 19 мамыр күні арнайы бөлінген 5 автобус орталық стадион мен «Барыс» сауда орталығының арасында тегін тасымалдайды.