​Шымкентте смартфонға ақша таппай қиналған қыз үйінен қашып кетті

0
2 154

Шымкентте 9 сыныптың оқушысы жоғалды. Сайрам ауылында тұратын 15 жастағы Роза Расулметованың үйінен шығып кеткеніне 18 күн болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Шымкентте смартфонға ақша таппай қиналған қыз үйінен қашып кетті

фото: ktk.kz жариялаған видеодан скриншот

Шымкентте 9 сыныптың оқушысы жоғалды. Сайрам ауылында тұратын 15 жастағы Роза Расулметованың үйінен шығып кеткеніне 18 күн болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ktk.kz-ке сілеме жасап.

Үйіндегілерге көйлек пен қымбат смартфон сатып әперуді өтінген жеткіншек, өзі жұмыс істеуге де құлшыныс білдірген. Бірақ, әке-шешесі рұқсат бермепті. Сондықтан қыздың отбасы Роза Шымкент не болмаса Алматыға айтпай кетіп қалуы мүмкін деп топшылайды.

Роза Расулметованың үйінен шығып кеткеніне 18 күн болған. Алғашында құрбыларында әлде туыстарда болар деп ата-анасы уайым жемеген. Сондықтан, полицейлерге тек 3 күннен соң ғана хабар берген екен. Анасы Роза соңғы уақытта қымбат смартфон мен кешкі көйлек сатып әперуін өтініп, тіпті жұмыс істеуге сұранып жүрген дейді.

Дилабар Иристаева, анасы: - Жұмыс істеймін деді. Саған болмайды дедім. Сен әлі 16-ға шықпадың, 15 жасарсың деп. Әкең ақша алсын дедім. Сосын өкпеледі.

Оқушы қыздың сыныптас құрбысы Роза соңғы уақытта жұмыс істеуге кеткісі келіп жүргенін айтқан.

- Алматыға кетем деді. Не істейсің ол жерде ешкім жоқ, таныстарың жоқ десем, ол жерде бизнес бар ғой деді. Болды, Кейін Алматыға ешкімге айтпаймын, айтпай кетем деді.

Туыстары Сайрам болмаса Шымкентте даяшы немесе ыдыс жуушы болып жүрген болар деп іздемеген дәмханасы қалмаған. Жақын маңдағы ауылдарды да түгел тінтіп, Розаның суреттерін ілуден басқа амалы жоқ. Ізім-қайым жоғалған жеткіншектің туыстары кездейсоқ көріп қалған жұрт болса қуанышты хабар берер деп әркімге фотосын көрсетіп жәутеңдеумен ғана жүр.