Шымкентте сыраханада атыс болды

0
1 493

Кафедегі ерегіс кезінде оқ атқан жігіт оқиға орнынан қашып кеткен.


Шымкентте сыраханада атыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі сыраханалардың бірінде қонақтар арасында төбелес шығып, бір адам атыс қаруынан жарақаттанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

9 желтоқсан күні кафеге көңіл көтеруге келген бір топ жігіттер көрші столдағы компанияның жігіттерімен ерегісіп қалады. Ерегіс соңы жанжалға, тіпті төбелеске ұласқан.Қос компанияның бірі атыс қаруынан қарсы тарапқа оқ атқан. Салдарынан атылған оқтан 1984 жылғы жігіт жарақат алып, қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ем-дом қабылдауда.

Кафеге кешкісін көңіл көтеруге келген тағы екі жігіт төбелес кезінде жарақаттанған. Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда, жағдайылары бірқалыпты болған соң үйлеріне қайтарылған. Жарақат алған үш жігіт бір компанияның өкілдері, аралас-құралас жолдастар болып шыққан. Үшеуі де отыздан асқан жігіттер.

Кафедегі ерегіс кезінде оқ атқан жігіт оқиға орнынан қашып кеткен көрінеді.