Шымкентте тағы да балмұздаққа қатысты шу шықты

0
2 501

Балмұздақтан қауіпті инфекция табылды.


Шымкентте тағы да балмұздаққа қатысты шу шықты

ERNUR.KZ. Шымқалада балмұздақтан қауіпті инфекция табылды. Тәттіқұмарлар балмұздақ сататын дүңгіршекті жауып тастауды талап еткен. Алайда қожайын бұл талапқа құлақ асар емес. Қауіпті ішек инфекциясы қаладағы балмұздақ сататын дүңгіршектердің бірінен алған анализден табылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Үшінші мегаполис атанған қаланың Нұрсəт шағынауданында орналасқан құймалы балмұздақ сататын дүңгіршектің өнімдерінен ішек таяқшалары бар бактериялар жəне стафилококк инфекциясы анықталған.

Қаратау аудандық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы мамандары Нұрсəттегі "Болашақ" ЖШС-не тиесілі құймалы балмұздақ сататын дүңгіршектің "Ванильное" жəне "Шоколадное" екі балмұздақ түрін алып, ДСМ ҚДСҚ "Ұлттық сараптама орталығына" жеткізген. Сараптамалар нəтижесінде балмұздақ өнімдерінде жұқпалы инфекцияның бары анықталған.

Балмұздақ сатушы нысанның иелері бұл мəліметті жоққа шығарып отыр. Тіпті олар қарсы құзырлы мемлекеттік мекмелердің үстінен шағымданбақ ниеттерінің бар екендігін айтады.

"Бес жылдан бері "Оңтүстік балмұздақ" атты брендпен жұмыс істеп келеміз. Он адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Мемлекеттік құзырлы мекемелерде тіркеуден өтіп ресми жұмыс бастағанбыз. Барлық төлемдерді де уақытылы төлеп келеміз. Керісінше, біз Қаратау аудандық СЭС тарапынан тексеруге жиі ұшыраймыз. Жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді", - дейді жұқпалы дерт инфекциясы табылды делінген дүңгіршек иесі.