Шымкентте тағы бір гүлзар бой көтереді

0
2 030

Гүлзардың ортасынан бағаналары бар шағын күмбез орнатылып, оның айналасына гүлдер егіледі. Ал аллеясына гүлдер мен ағаштар егіліп, шағын сәулеттік құрылымдар орнатылады.


Шымкентте тағы бір гүлзар бой көтереді

Шымкент қаласында жуырда тағы бір гүлзар ашылады. Қазіргі таңда Нұрсəт шағынауданында құрылыс жұмыстары жүруде. Мұнда коммуналды желілер тартылып, жер тегістелген. Енді көгалдандыру қалды. Гүлзардың жалпы алаңы 1 гектарға жуық,- деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаһардың бас сəулетшісі Нұрлан Архабаевтың айтуынша, гүлзардың ортасынан бағаналары бар шағын күмбез орнатылып, оның айналасына гүлдер егіледі. Ал аллеясына гүлдер мен ағаштар егіліп, шағын сәулеттік құрылымдар орнатылады.

Гүлзарда бұған қоса балалардың ойын алаңшасы да болады. Ал ағаштан қылқан жапырақты және жапырақты, биік ағаштардың көшеттері егілмек. "ЛТД-Тұрмыс" компаниясының жетекшісі Ғалым Сәдібектовтың айтуынша, қазіргі таңда гүлзар аумағына шынар, талшын және қайыңдар отырғызылған