Шымкентте ұлттық дизайнерлер көрмесі өтті

0
2 037

Шымкент қаласында Қазақстанның сәнгерлері бас қосты. «Shymkent Pop Up Store» ұлттық дизайнерлер көрмесінің VIII маусымы салтанатты түрде ашылды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық көрмеге 400-ге жуық бренд-компаниялардың өкілдері жиналды. Қазақстаннан бөлек бөлек Литва, Грузия және Өзбекстанның танымал дизайнерлері де келіп отыр. Көрмеге алғаш қатысып отырған алматылық «Akka style» ательесінің өкілі мұндай көрменің шығармашылықа шабыт беріп, дизайнерлердің тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беретінін айтады.

Көрмені тамашалаушылардың назарына шымкенттік дизайнерлердің көктем-жаз маусымына арналған топтамасы ұсынылды. Бұдан бөлек шеберлердің қолдан жасалған әшекей бұйымдары, былғары сөмкелер, косметикалар және кәдесыйлары көрмеден орын тапты.

Айта кетейік, ұлттық көрме үш күнге созылады. Дизайнерлермен қатар мұнда балаларға арналған дефиле ұйымдастырылып, визажистер және стилистер шеберлік-сабақтарын өтеді.