Шымкентте әйел адам 6–шы қабаттан құлап мерт болды

0
896

Қайғылы жағдай Шоқан Уәлиханов көшесіндегі 227 үйде күндізгі уақытта орын алған. Қатты дауысты естіген тұрғындар подьезге қарай жүгірген. Олар, әйел азаматының денесін көріп, шошынып қалған.


Шымкентте әйел адам 6–шы қабаттан құлап мерт болды

Қайғылы оқиға тапа-тал түсте орын алған. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, азаматша жоғарғы қабаттан өзін өзі тастап жіберген. Әзірге марқұмның 50-55 жасар екендігі ғана анықталып отыр,-деп хабарлайды tvk арнасы

Қайғылы жағдай Шоқан Уәлиханов көшесіндегі 227 үйде күндізгі уақытта орын алған. Қатты дауысты естіген тұрғындар подьезге қарай жүгірген. Олар, әйел азаматының денесін көріп, шошынып қалған. Оқиға орнына тез арада тәртіп сақшылары мен жедел- жәрдем қызметі келіп жеткен. Алайда, биіктен құлаған әйел дәрігерлер келгенше жан тапсырған.Біз қызымыз екеуміз үйге кіргелі жатқанбыз. Анамның үйіне қонаққа келе жатыр едік. Сол мезетте жоғарыдан адам құлағандай дауыс естілді. Жүгіріп барғанша, адамдар да жиналып қалды. Осы жерде ер адамдар отырған. Олар тиісті мамандарды шақырды. Өзіміз де қорқып қалдық.Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайтыс болған азаматша ол үйде тұрмайды екен. Тіпті, көршілері де оны танымайтын көрінеді.Оқиға орнында жұмыс жасаған тәртіп сақшылары марқұмның жеке басына қатысты ақпараттарды анықтау үстінде. Тергеу амалдары аяқталған соң, азаматшаның мұндай қадамға не үшін барғаны белгілі болмақ.