Шымкентте заңсыз құрылыс нысандарының дымы қалмай сүріліп жатыр

0
1 723

ERNUR.KZ Шымкент қаласында заң талаптарына сай келмейтін құрылыс нысандары бұзылып жатыр. Жауапты мамандар сүріп тастау жұмыстарын тек сот шешімі негізінде жүзеге асыру үстінде, деп хабарлайды Шымкент қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ERNUR.KZ.

Заңсыз салынған құрылыс нысандарын сот шешімімен мәжбүрлі түрде бұзу мақсатында құрамында қалалық әкімдік және сот қызметкерлері бар жұмысшы топ құрылды. Арнайы топ өткен аптаның өзінде қаладағы үш нысанның құрылысын бұзды. Тарқатып айтар болсақ, тексеруші топ жұмысы кезінде Базарқақпа тұрғын алабындағы Абдулла абад көшесі №12 үйдегі салынып жатқан екі қабатты дүкен құрылысы анықталған болатын.

Нысан құрылысы Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде құрылыс жүргізуге сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасында құрылыс жүргізуге хабарлама тіркелмеген болып шықты. Осы тектес заңсыздық Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби және Муслим тепа көшелер қиылысында орналасқан «Ветеринарлық емдеу орталығы» мен Шымкент қаласындағы Т.Рысқұлов көшесі нөмерсіз мекенжайда орналасқан екі қабатты нысандарында орын алған.

Жоғарыда атап өткен үш нысан бұзылып, ал Абай ауданына қарасты Самал шағынауданында № 501 жер теліміндегі төрт қабатты нысанды 14 наурызда бұзу туралы сот шешімі қабылданған. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаһар аумағындағы заңсыз салынған, сәулет және қала құрылысы нормаларын бұзған құрылыс нысандары бойынша жұмысшы топ ары қарай жұмыстар жүргізетін болады.