Шымкенттегі қағаз зауыты билікке жалтақтайды

0
2 784

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймақтың құрылысы жүріп жатқанын айта кетейік. Өндіріс ошағы негізінен құрылыс кластері мен трансформатор, жиһаз және медициналық құрал-жабдықтар шығаруға бағытталған. Мұнда қазірдің өзінде екі өндіріс орны ашылып, жұмыс жүруде. Тағы 25 кәсіпорын салынып жатыр.


Шымкенттегі қағаз зауыты билікке жалтақтайды

ERNUR.KZ Өңірімізде бүгінгі күні жалпы ауданы 959 гектарды құрайтын 11 индустриялды аймақ құрылып, онда кәсіпкерлік жобалар жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта ауданы 699 гектарды құрайтын 9 индустриялды аймаққа инфрақұрылым тартылған. Бұлар Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» және «Тассай», Түркістан, Кентау қалаларындағы, Созақ, Шардара, Түлкібас, Қазығұрт, Мақтарал ауданындағы индустриялды аймақтар.

Бұдан бөлек, 2 аудандағы индустриялды аймақтарға (Бәйдібек және Ордабасы ауданы КТИА (Бадам)) инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймақтың құрылысы жүріп жатқанын айта кетейік. Өндіріс ошағы негізінен құрылыс кластері мен трансформатор, жиһаз және медициналық құрал-жабдықтар шығаруға бағытталған. Мұнда қазірдің өзінде екі өндіріс орны ашылып, жұмыс жүруде. Тағы 25 кәсіпорын салынып жатыр.

Алғашқылардың бірі болып жұмыс бастаған картоннан қағаз шығаратын «Бумпром» ЖШС кәсіпорны. Құны 100 млн. теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 4 мың, ал айына 300-320 тонна өнім шығаруға қауқарлы.

Бүгінде зауытта 30-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, оларға 60-100 мың теңге айлық жалақы төленеді.

Мұндағы құрылғылар Қытайдан жеткізілген. Станоктарда жұмыс істеу тәсілін қытайлық мамандар келіп бір ай уақыт жұмысшыларға үйреткен. Әзірге зауытта қағаздың бір түрі ғана шығарылып жатыр.

Кәсіпорын қосымша цехтар ашып, техника түрлерін көбейтуді мақсаттағанымен әлі күнге дейін билікке жалтақтайды. Зауыт басшысының орынбасары Сәкен Ташназаров БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жоғарыдан көмек сұрап, қолдау күтетінін жеткізді.

Индустриалды аймақтарды ашу мен дамыту – шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандырудың ма­ңызды тетіктерінің бірі саналады. Осы ба­ғытта жұмыс жасап, отандық өнімді арттыруды, жұмыссыздар санын азайтуды мақсаттап отырған кәсіпорын осы күнге дейін мемлекеттің қолдауына зәру болса ұтқанымыз қайсы?

Еліміздегі шашылып жатқан қағаздарды өңдеп, әжетке жаратып отырған зауыт неліктен билікке жалтақтауы керек?