Шымкенттегі алапат өрт туралы жаңа деректер пайда болды (видео)

0
1 381

Айта кетейік, өрттен кейін пайда болған бейнетаспада дәмхананың тек темір қаңқасы ғана қалғаны анық көрініп тұр.


Шымкенттегі алапат өрт туралы жаңа деректер пайда болды (видео)

ERNUR.KZ. Кеше, 11 мамыр күні Шымкенттің қақ ортасында алапат өрт алды. Шаһардың орталық көшесі саналатын Республика даңғылы бойындағы "Гараж" дәмханасында от 16:30 шамасында тұтанған. Оны сөндіруге 12 өртсөндіру техникасы мен екі су тасығыш көлігі жұмылдырылып, тілсіз жау бір сағаттан кейін ауыздықталып, тағы соншама уақыттан соң толық сөндірілді деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.

Зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын мөлшері белгісіз.

Айта кетейік, өрттен кейін пайда болған бейнетаспада дәмхананың тек темір қаңқасы ғана қалғаны анық көрініп тұр. Қала берді, қатты жанған қызыл жалыннан тамақтану нысанының дәл қасындағы ОҚО департаменттері орналасқан 9 қабатты ғимаратқа да біраз нұқсан келген.