Шымкенттегі керамогранит зауытының өндірісі кеңейіп жатыр

0
1 150

Шымкент қаласындағы «Зерде Керамика» зауыты жылына 2 млн шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығарады.


Шымкенттегі керамогранит зауытының өндірісі кеңейіп жатыр

Шымкенттегі керамогранит өндіретін «Зерде Керамика» зауыты 30-ға жуық өнім түрін шығаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің орынбасарлары Д.Жумин мен Б.Мамыталиев кәсіпорынның жұмысымен танысуға арнайы барды. Өнімдері барлық европалық стандарттарға сәйкес келетін зауыт басшылығы жергілікті құрылыс компанияларының өкілдеріне өз өнімдерін таныстырды.

Қала әкімінің орынбасарлары зауыт мемлекеттің жалпы сұранысының 40 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отырғанын айтып, салынып жатқан құрылысқа отандық өнімді қолдануға шақырды. Сонымен қатар, қаладағы тұрғын үй құрылысында отандық құрылыс материалдарын пайдалану басты назарда екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Зерде Керамика» зауыты жылына 2 млн шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығарады. Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорында 140 адам жұмыспен қамтылған. Құрылымдарды араластырудан бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі желі толық автоматтандырылған.