Шымкенттегі жылу мен ыстық су жүйесінің қазіргі жағдайы қандай?

0
1 383

Шымкентте қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Шымкент қаласының жылу және ыстық су жүйесі: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» форумы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның мақсаты – Шымкент қаласындағы жылу және ыстық сумен қамтамасыз етудегі қазіргі жағдайды талқылау, перспективті даму жолдарын іздеу.

Жиынға жетекші әлемдік компаниялар, мамандандырылған сараптамалық қауымдастық және жобалық институттар, ғалымдар, халықаралық қаржы ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Форум барысында жылу жүйесі және ыстық сумен қамту мәселесінде қалалық әкімдік «DanfossA/S» және «KazAeroSpace» компанияларымен меморандумға қол қойды.