Шымкенттік полицейлер көшеде қабылдау өткізеді

0
1 418

Қала тұрғындары полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріна және басқа да мәселелерге қатысты шағым жасай алады.


Шымкенттік полицейлер көшеде қабылдау өткізеді

иллюстрациялық фото: motor.kz

Шымкентте полиция басшылары «Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындармен жеке кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың тапсырмасына сәйкес, халықпен кері байланысты орнату бойынша полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін 5 және 6 сәуір күндері еліміздің барлық өңірлерінде мобильдік «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін болады.

Қала орталығында әкімшілік полиция, көші-қон қызметі басшылары азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізеді.
Азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар барады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымдана алады немесе полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы біле алады және ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика басшылары да жұмыс істейтін болады.

Өткізілетін орындар: «Арбат», «Мега центр», «Север» сауда орталықтарының алдында.

Акция сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін жалғасады. 5-6 сәуір аралығында 97-66-93 телефоны бойынша «колл-центр» жұмыс жасайтын болады.