Шымкенттік студенттер Әкім Ысқақпен кездесті

0
904

Адуынды ақын 60 жаста!


Шымкенттік студенттер Әкім Ысқақпен кездесті

Мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақ SILKWAY Халықарлық университетінің студенттерімен кездесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, мемлекет және қоғам қайраткері ӘКІМ ЫСҚАҚ SILKWAY Халықарлық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттер көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, әдемі де әсерлі жауаптар алды. Онымен қоса студенттер Әкім Ысқақ ағамыздың 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, өлең шумақтары мен тілектерін арнады.

Қоғам қайраткері жиын соңында оқу орнының білімі мен техникалық базасын жоғары бағалағанын жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді.