​Шымкенттіктер жылына бір келетін мерекеде​ қала басшысын таппай қалды

0
1 673

Үшінші мегаполистің басшысы мерекелік «Наурыз көктем - Шымқала» іс-шарасында бой көрсетпеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


​Шымкенттіктер жылына бір келетін мерекеде​ қала басшысын таппай қалды

фото: qamshy.kz

Үшінші мегаполистің басшысы мерекелік «Наурыз көктем - Шымқала» іс-шарасында бой көрсетпеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өңірдегі дүбірлі думан Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамын түстік жұрты күні кеше Қазығұрт тауының бөктерінде Атбұлақ елдімекенінде ерекше тойлаған еді. Ал бүгін мерекелік той-думан өңірдегі барлық аудан-қалаларда жалғасты. Бірақ шымкенттіктер қала басшысын жоғалтып алды. Жылына бір келетін мейрамда қала әкімі шырайлы шаһар жұртшылығын құттықтамақ түгілі, басшылар қатарынан да бой көрсетпеді.

Дүбірлі думанды ашып құттықтау сөзін сөйлеген де, мерекеге орай облысқа еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды «Облыстың Құрметті азаматы» атағымен марапаттаған да аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев болды. Бұдан бөлек облыс әкімі дәл осы Наурыз мейрамында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған әкімшілік іскерлік орталығындағы №37 үйдің пәтер кілттерін иелеріне табыстады. Облыс басшысының қасында қала әкімінің орынбасарлары ғана болды. Тағайындалғанына жыл толмаған әкімді тұрғындар танымағаннан ба іздеп жатпады.