Шымкенттің «Ашық аспанында» әуе шарлары қалықтады

0
2 970

Шымкент қаласындағы қалалық ипподром аймағында халыаралық «Ашық аспан» әуе шарлары фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкенттің «Ашық аспанында» әуе шарлары қалықтады

фотолар: otyrar.kz

Шымкент қаласындағы қалалық ипподром аймағында халыаралық «Ашық аспан» әуе шарлары фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль өткен алаңға 15 аэростат орналасты. Оған алты елдің – Украина, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және өз еліміздің командалары қатысты.


Қала тұрғындары мен қонақтар әуе шарларында қалықтап, фестивальді тамашалады. Ауа райының қолайсыздығы біршама қиындықтар туғызғанмен, әуе шарларын басқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтап қолайлы уақытты тауып, әуе шарларын қайта аспанға әуелетіп отырды.


Дегенмен, ауа райы фестивальді тамашалаушылардың көңіл-күйін түсірген жоқ, сахнада «Молданазар» шығармашылық тобы да өз әндерімен үлестерін қосып отырды.

Фестиваль ұйымдастырушылары кешкісін қараңғылық түскенде «Түнгі жарық шеруін» ұсынбақ.