​Шымкенттік жанкүйер “Реал” құрамасының арқасында миллионер болды

0
1 084

90 минут ішінде ол қосымша 7,1 миллион теңге табыс тапқан.


​Шымкенттік жанкүйер “Реал” құрамасының арқасында миллионер болды

ERNUR.KZ.Чемпиондар лигасының финалына ең көп бәс тіккен азамат Шымкентте тіркелді. Испаниялық “Реал” құрамасының жанкүйері сүйікті құрамасы үшін 10 миллион теңге тіккен, деп жазады Stan.kz.

Ақырында “Реал” командасы жеңіске жетіп, шымкенттік азамат бас-аяғы 17,1 миллион теңге ұтып алды. Яғни 90 минут ішінде ол қосымша 7,1 миллион теңге табыс тапқан.

Еске сала кетейік, күні кеше чемпиондар лигасының ақтық сынында “Реал” және “Ливерпуль” құрамалары кездесті. Нәтижесінде испаниялық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті.