Шымкенттік жасөспірімдер шеруге шықты

0
1 450

Жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне Шымкент қаласы бойынша 20 мың оқушы қатысты.


Шымкенттік жасөспірімдер шеруге шықты

ERNUR.KZ. 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда «Шабыт» шеруі болды. Айта кетерлігі аталмыш шеру алғаш рет 2017 жылдың 1 маусымында өткен екен.

Бұл іс-шараға ОҚО әкімі Ж.Қ. Түймебаев қатысып, балаларды мерекемен құттықтады:

"Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарға қолдау көрсету мен мүмкіндіктер ашу мақсатында көптеген тірліктер атқарылуда. Соның бірі – бүгінгі «Шабыт» шеруі. Бұл еліміздің барлық білім ұяларын біріктіретін, ұстаздар мен олардың жетістіктерін көпшілікке насихаттау арқылы мекемелердегі ұжымға шабыт сыйлайтын республикалық кең көлемді акция. Оның басты мақсаты эстетикалық және патриоттық белгі ретінде балалардың салтанатты шеруін қолдау болып табылады", – деді облыс басшысы.

Жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне Шымкент қаласы бойынша 20 мың оқушы қатысты. Олардың ішінде мектептер мен орта білім беру орындары бар. 200 мектеп оқушысы «Мен қазақпын» әніне флэшмоб ұйымдастырды. Шымкент қаласынан басқа ОҚО-ның барлық аудандарында «Шабыт» шеруі өтті.