Шымкенттік жігіт қарызын сұрай келіп қаза болды

0
1 213

Алған дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде бақилық болған. Куәгерлердің айтуынша, кикілжің қарыз мәселесінен туындаған.


Шымкенттік жігіт қарызын сұрай келіп қаза болды

ERNUR.KZ. Шымкенттің түрғыны танысын ақша үшін пышақтап тастады. Оқиға 22 мамыр күні түнгі сағат 22.00 шамасында орын алған. 37 жастағы жігіт өз үйінде асхана пышағымен танысының ішіне екі рет соққы жасаған.

Алған дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде бақилық болған. Куәгерлердің айтуынша, кикілжің қарыз мәселесінен туындаған.

Күдіктіні тәртіп сақшылары қамауға алды. Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты 1980 жылы туылған күдіктіге ҚР ҚК нің 99 бабы 1 ші бөлігімен, қасақана адам өлтіру бабы бойынша айып тағып, екі айға қамауға алуға санкциялық шешім шығарды.

Тиын үшін төзімсіздік танытып, танысын өлтірген жігіт енді кем дегенде 5 жыл түрмеге тоғытылуы мүмкін. Көршілерінің сөзіне қарағанда екеудің арасында млн теңгеден астам қарыз ақша болған көрінеді. Марқұм қарызын даулай келіп, мерт болған.