Созақ ауданында сел жүрді

0
2 763

Ауа-райының жылынуына байланысты қар еріп, су тасып, Жеткіншек елді мекеніндегі көпірге зақым келді.


Созақ ауданында сел жүрді

фото: okg.kz

Кеше түнде Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда кішігірім сел жүрді, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газеті.

Ауа-райының жылынуына байланысты қар еріп, су тасып, Жеткіншек елді мекеніндегі көпірге зақым келді.

Көшелерді су басып, көлік қозғалысы қиындады. Осыған байланысты Ә.Молдағұлова атындағы мектепте сабақ уақытша тоқтатылды.