Созақ ауданының 656 қызметкері «Қазтест» тестілеуіне қатысты

0
1 774

Мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласына кеңінен қолданысқа енгізу мақсатында өткен тестілеуге қатысуда созақтықтар белсенділік танытты.


Созақ ауданының 656 қызметкері «Қазтест» тестілеуіне қатысты

2018 жылдың 5-10 желтоқсан күндері Түркістан облысы, Созақ ауданының 656 мемлекеттік және түрлі сала қызметкері «Қазтест» тестілеуіне қатысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы «Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» мақсаты мен міндетін жүзеге асыру мақсатында жыл сайын мемлекеттік қызметшілер мен түрлі сала өкілдерін «Қазтест» тестілеуінен өткізіп келеді.

«Қазтест» жүйесінің мақсаты – қазақ тілін игеру деңгейін бағалау, мемлекеттік тілді түрлі себептермен мең­гермеген азаматтарды қазақ тіліне үйрету, жұмыс орнында қазақ тіліндегі қарым-қатынасты жеңілдету, қазақ тілін өз деңгейін білу арқылы сөйлеу әрекетін жетілдіруге жетелеу.

Мемлекеттік бағдарламаның міндеттерін орындау мақсатында Созақ ауданында жыл сайын бюджет саласының, медицина саласының қызметкерлері, әскери қызметшілер, ұлттық компаниялардың қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тестілеуіне қатысады.

Биыл да ауданда бұл тестке қатысуда белсенділік танытылды. Тестілеу Созақ ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқыту залында, «Шолаққорған» жалпы орта мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі, А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі, А. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі, Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі мен №14 Т. Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейі және «Таукент гүлдері» балабақшасының базасында өтті.

Ауданнан тестке қатысқан 656 мемлекеттік қызметші мен түрлі сала қызметкерлері тыңдалым, лексика мен грамматика және оқылым бойынша үш блоктан тұратын тест тапсырмаларын тапсырып, өзінің тілді игеру деңгейін білді.