Созақта жоғалып-табылған келіншекке медициналық сараптама тағайындалды

0
2 043

Созақ ауданының 20 жастағы тұрғыны хабар-ошарсыз кеткен.


Созақта жоғалып-табылған келіншекке медициналық сараптама тағайындалды

иилюстрациялық фото: allparazity.ru

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Созақ ауданында жоғалып-табылған азаматшаға байланысты медициналық сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап өтсек, Созақ ауданының 20 жастағы тұрғыны хабар-ошарсыз кеткені туралы жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің «із –түссіз жоғалу» бабымен тіркелген болатын.

Осы жағдайға байланысты, үстіміздегі жылдың 24 шілдесі күні азаматша өзінің заңды некедегі күйеуінің үстінен Созақ АІІБ-ге арыз түсірген. Аталған арыз негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) хаттама толтырып, жәбірленушіге сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, үйіндегі ұрыс-керістен соң қашып кеткен жас келіншек жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Созақ АІІБ полицейлері азаматшаны 24 шілде күні Шымкент қаласындағы сауда орындарының бірінен табылғаны жайында хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, жас келіншек сенімді дереккөз «Аяғын, қолын ұрып сындырды» деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Қазір анасымен бірге. Отбасылық ұрыс-керістің кесірінен қажып, қашып кеткені рас.