Созақтағы бірқатар елдімекендердің көшелері жарықтандырылуда

0
2 305


Созақтағы бірқатар елдімекендердің көшелері жарықтандырылуда

Таукент кенті мен Шолаққорған, Жуантөбе, Жартытөбе ауылы, Сызған ауылымен Қызылкөл елді мекенінің негізгі көшесі жарықтандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дана қазақ әрқашанда жолаушы жүрген даңғыл жолды кие тұтып, қадірлеген. Қалың қауым кие тұтқан жол бойын жарық нұрға бөлеген мақсатында мереке қарсаңында бірнеше ауыл округтеріндегі көшелерді жарықтындыру ісі қолға алынды. Нәтижесінде Жартытөбе ауылы, Қызылкөл елді мекені, Сызған, Жуантөбе, Шолаққорған ауылдарының негізгі көшелерін аудандық бюджет есебінен жарықтандырылды. Шолаққорған ауылындағы орталық Сұлтанбек Қожанов және Сабит Мұханов кошесіндегі 17,5 (9,5) шақырым көшенің жарықтандырылуының қосылуына аудан әкімі С. Полатов қатысты. Бұл жарықтар энергия қуатын аз тұтынып, тұрғындарының кеш мезгілінде қолайлы жүріп тұруына жағдай жасайды. Ауыл елді мекендерді жарықтандыру жергілікті бюджет есебінен іске асырылды. Жуантөбе ауылындағы Ж.Қаламбаев, Ә.Жақсыбайұлы, Төле би және Б.Достайұлы көшелері 2,5 шақырым. , 7,3 млн. теңге. Сызған ауылдық округіндегі Қозмолдақ елді мекеніндегі көше жарығымен жарықтандырылған Қ.Тоқмұхамедов көшесінің 1,3 шақырымы жарықтандыру жүйесін пайдалануға берілді