​Созақтағы жәрмеңкеде жаңа туылған сәбиге туу туралы куәлік берілді

0
89
Іс-шараға ауданның барлық мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерінің жауапты мамандары тартылды.

​Созақтағы жәрмеңкеде жаңа туылған сәбиге туу туралы куәлік берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті, ОҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Созақ әкімдігі бірлесіп мәдениет сарайында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру.

Іс-шараға ауданның барлық мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерінің жауапты мамандары тартылды.

Жәрмеңкені департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев ашып, өз сөзінде - мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жүргізуге көшіру өзектілігін атап өтті.

Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Тиімді өткен іс-шара барысында өмірге енді келген сәбиге тууы туралы куәлік тапсырылды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет