Созақтың тұрғыны байқамай бауырын өлтіріп алды

0
2 209

Созақ ауданы Сызған ауылының 49 жастағы тұрғыны араққа сылқия тойып, туыстарына жанжал шығарған бауырын тыныштындырмақ болған.


Созақтың тұрғыны байқамай бауырын өлтіріп алды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында туған інісін ағасы абайсызда пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

26 қыркүйек күні кешкісін үйіне мас халде келген 47 жастағы жігіт туғандарына тиісіп, ұрыс керіс бастаған. Тіпті төбелесіп, жаға жыртысуға дейін барған. Ішімдіктің буымен ырыққа көнбеген бауырын баспақ ниетте ағасы Қалижан араласа бастайды. Ағалы-інілі екеуінің керісуі жұдырықтасуға ұласады. Мас інісін сабасына түсіремін деп жүріп Қалижан абайсызда асхана пышағын тығып алады.

Үйде болған туыстары тездетіп аудандық ауруханаға жеткізген. Дегенмен ақ халаттылар жәбірленушіні өлім аузынан аман алып қала алмаған. Бауырын байқамай бақилық еткен Қалижан бірден полицейлерге барып, жасаған қылмысын мойындаған.

Қазір ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігімен, яғни "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Түркістан облысы, Созақ аудандық соты айыпталушыны тергеу кезінде екі айға қамау туралы санкция берді", - деп бүгін хабарлады Созақ аудандық сотының судьясы Бегжан Сағынтаев.