«Спорт бізді біріктіреді»: Түлкібастық жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді

0
2 045

Екі топқа бөлініп жарысқан жасөспірімдер (Сұңқар және Тұлпар) 6 кезең бойынша қызықты да және тартысты ойын өткізді.


«Спорт бізді біріктіреді»: Түлкібастық жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету кабинетінде «Спорт бізді біріктіреді» тақырыбында спорттық ойын түрлерінен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Аталған жарысқа аудандық спорт бөлімінің басшысы П.Әбіханов пен аталған мекеменің меңгерушісі А. Төлеуова ашып жасөспірімдерді алдағы келе жатқан «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күнімен құттықтап, жарысқа сәттілік тіледі. Екі топқа бөлініп жарысқан жасөспірімдер (Сұңқар және Тұлпар) 6 кезең бойынша қызықты да және тартысты ойын өткізді.

1 кезең - «Дәлдеп сал» Гимнастикалық скамейка үстінен еңбектеп өтіп, допты басынан асырып лақтырып себетке салу;
2 кезең - «Бәйге» Құрсаудан еңкейіп өтіп барып, қайтарда доппен секіріп келу;
3 кезең - «Кім жылдам?» Құрсаудың ішінде тұрған допшаларды жылдам себетке жинау;
4 кезең - «Кенгру» жүгіріп келіп, үңгірден өтіп барып қайтарда қапшықпен секіріп келу;
5 кезең - «Кім шапшаң?» Балалар маймылдың жүрісімен жүріп барып, ағашта тұрған бананды жұлып алып келу;
6 кезең - «Қарсыласыңды тартып ал» екі команда арқан тартысып күштерін сынайды.

Өткізілген жарыстың нәтижесінде екі команда да тең түсіті және де ойын соңында балақайлар «Қазақстан», «Отан» туралы тақпақтармен қызықты өткізілген жарысты аяқтады. Жүлделі орын алған балалар мен қатысушыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі есебінен сыйлықтар табысталды.