Спорт мектебіне - 50 жыл

0
1 450

мектепте 58 жаттықтырушы спорттың 11 түрінен 1200-ден астам балаға дәріс береді.


Спорт мектебіне - 50 жыл

Биыл Сайрам ауданындағы нөмірі 1-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізі қаланғанына 50 жыл толды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мектептің тарихы 1986 жылдан бастау алады. Негізін қалаушы КСРО спорт шебері, ҚР құрметті спорт қайраткері, Сайрам ауданының құрметті азаматы Махамбет Сапарбаев. Талай-талай спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарған мектепті әр жылдары Жарылқасын Шалабаев, Валерий Коврыгин, Әмірхан Шадиев, Көпбосын Әлиев сынды елге белгілі, абзал азаматтар басқарған.

Қазіргі таңда мектепте 58 жаттықтырушы спорттың 11 түрінен 1200-ден астам балаға дәріс береді. Өз ісінің майталмандары елдің намысын қорғайтын болашақ спортшыларды жаттықтырудан аянбай қызмет етуде.


Келелі жиынға ардагер ұстаздар, елге белгілі азаматтар мен аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысты. Келген қонақтар спорт мектебінің ұжымын мерейтоймен құттықтап, еңбегі сіңген азаматтарға сый-құрмет көрсетті.