"Судың да сұрауы бар" - ​түркістандық жастар жаңа жобаны қолға алды

0
1 280

Жаңа жобаның мақсаты - көпшілікті ауыз суды үнемдеп пайдалануға шақыру.


Түркістанның ерікті жастары «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелер мен орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошюралар тарату жұмыстарын жүргізді. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды.

«Қоғамда суды үнемдеу жолдарына мән беруіміз керек. Әлемде, жер шарында ауыз су ең үлкен өзекті мәселеге айналып келеді. Сондықтан да, табиғаттың берген сыйын біз тиімді пайдалануымыз керек. Су үнемдеу мәдениетін қалыптасырып, қадіріне жете білейік», - дейді Жастар ресурстық орталығы КММ директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай.
Ерікті жастың бірі Сабина Каюмова бұл жобаға қатысуға он күн бұрын өтініш білдіргенін, жастайынан қоғамға пайдалы іске атсалысып жүргенін айтып, жаңа жобаның берері мол екеніне сенім білдірді.
«Су - тіршілік көзі. Сондықтан, ауыз суды барынша үнемдеп пайдалануымыз қажет. Біз қоғамдық орындарды аралап, жоба бойынша насихат жұмыстарын жүргіздік. Көпшілік жақсы қабылдауда. Күтіп отырған нәтижелеріміз де көп», - дейді ерікті жас.