​Суицид жасаған тәртіп сақшысына қатысты мәлімдеме жасалды

0
1 154

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жалдамалы пәтерде асылып қалған полицей оқиғасына қатысты ІІД ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Суицид жасаған тәртіп сақшысына қатысты мәлімдеме жасалды

фото sputniknews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жалдамалы пәтерде асылып қалған полицей оқиғасына қатысты ІІД ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. otyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

«1993 жылы туған полицей құзырлы органда 2011 жылдан бері қызмет атқарған. Ол ҚР ІІМ қарасты жоғары оқу орнын бітірген соң, Ордабасы ауданына жұмысқа келген. Аталған ауданда жергілікті полиция қызметі кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істеу бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған. Ол тәртібі нашар полицей ретінде есепте тұрған. Мамырдың 14-і күні ЖПҚ инспекторы жиналысқа мас болып келген. Сараптама қорытындысы да полицейдің қан құрамында алкогольдің бар екендігін растаған. Аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметі басшылығы инспектордың туыстарына арнайы түсіндіру хатын жолдайды»,- делінген мәлімдеме хабарламасында.

Тәртіп сақшысының өз өзіне қол салу оқиғасы 17 мамырда орын алған еді. Марқұмның денесі өзі тұрып жатқан жалдамалы пәтерден табылған болатын. Аталған жағдайға байланысты бүгінде тексеру шаралары жүргізілуде.