​«Сырлы Созақ» республикалық ақындар айтысы өтті

0
2 853

Бірінші орынды жеңіп алған айтыскер 1 миллион теңгеге ие болды.


​«Сырлы Созақ» республикалық ақындар айтысы өтті

Түркістан облысында теріскейдің 90 жылдық тойына орай елімізге танымал ақындардың қатысуымен республикалық «Сырлы Созақ» тақырыбында ақындардың айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Созақ өңірінің сыры мен қырын жырға қосқан ақындар айтысында үздік өнер көрсеткенАстана қаласынан келген Аруна Керімбекқызы, қызылордалық Мөлдір Айтбай, бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, Өзбекстан Республикасынан келген Құлмахан Дүйсенов суырылып шықты.

Аталған айтыскерлердің әрбірі 100 мыңтеңге ақшалай сыйлықпен марапатталып, арнайы табысталды. Жүлделі үшінші орын алған Шымкент қаласынан келген Нұрлан Есенқұлов 200 мыңтеңге сыйақыны иеленсе, жүлделі үшінші орынды қанағат тұтқан павлодарлық Аспанбек Шұғатаев қанжығасына 300 мың теңгенің сыйын байлады.

Ал бірінші орын алған созақтық Қалижан Білдәш 500 мың теңге иеленсе, Түрікстан облысынан келген Жарқынбек Наушабеков бас жүлдені жеңіп алып, аудан әкімі Салыхан Полатов 1 млн. теңгені салтанатты түрде табыс етті.