Сырым батыр көшесімен адам жүруден қалды (ВИДЕО)

0
1 357

ERNUR.KZ. «Өткен жылдың күзінде кәріз жүйесін жүргізген мердігер жол жиегіндегі қазған жерін көміп кеткенімен, жауын-шашында ол жер балшыққа айналып кетеді. Балалар тас жолмен жүруге қорқады. Мәшине басып кете ме деп. Өзі тап-тар көше, екі көлік қатар әзер сыяды. Арық деген атымен жоқ. Тротуарымыздың барына шүкір деп жүргенде канализация жүргіземіз деп қазды» , - дейді тұрғындар.


Сырым батыр көшесімен адам жүруден қалды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Шымкенттегі "Ақжайық» ықшам ауданындағы Сырым батыр көшесімен жаяу адам жүруден қалды.

«Өткен жылдың күзінде кәріз жүйесін жүргізген мердігер жол жиегіндегі қазған жерін көміп кеткенімен, жауын-шашында ол жер балшыққа айналып кетеді. Балалар тас жолмен жүруге қорқады. Мәшине басып кете ме деп. Өзі тап-тар көше, екі көлік қатар әзер сыяды. Арық деген атымен жоқ. Тротуарымыздың барына шүкір деп жүргенде канализация жүргіземіз деп қазды» , - дейді тұрғындар.

Салдарынан жақын маңдағы мектепке баратын оқушылар мен тұрғылықты азаматтар бірнеше көше айналып жүруге мәжбүр.