Сырым ЕРТАЕВ: Ел сенімін ақтаудан артық абырой жоқ

0
1 088

Бұл — праймериздің қортындысы десек те болады.


Сырым ЕРТАЕВ: Ел сенімін ақтаудан  артық абырой жоқ

Түркістандық праймериз жеңімпазы сайлау жайлы пікірін білдірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін партиямыздың съезінде аса маңызды мәселелер айтылып, шешімдер қабылданды. Бұл — праймериздің қортындысы десек те болады.

Биыл Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев еліміздің тарихында тұңғыш рет әлемдік қолданыста кеңінен танымал праймериз ережесіне сай партияішілік сайлау өткізуге шешім қабылдады. Бұл жаңа жүйе өзім секілді іскер, білімді, отансүйгіш талай жасқа мол мүмкіндік берді. Өз басым праймериздің барлық кезеңдеріне белсене қатысып, партияластарымның ерекше қолдауы мен сеніміне ие бола білдім. Осы ретте мен Елбасымызға, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевқа және барлық партияластарыма сенім артқандарына, сондай-ақ елдің дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
Елбасы айтқандай, «Nur Otan» партиясы –нағыз халықтық партия.

Өйткені, партия уәде еткен жүйелі жаңғыруды шын мәнінде жүзеге асыра білді. Праймериз өткізу арқылы сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, партия ішінен нағыз таңдаулы лидерлер мен талапты тұлғаларды іріктеп, алдағы сайлауға үлкен дайындық жасады. Бүгінде партияның бағыты - айқын, жоспары жүйелі. Ең бастысы - өзінің сайлауалды бағдарламасы бар. Бұл бағдарламада еліміздегі әрбір аудан, қала, облыстың мәселелері мен түйінді түйткілдері қамтылып отыр. Яғни, бұл бағдарламада халықтың барлық топтарының мүдделері ескерілген.

Сондықтан мен де партиямыздың осы сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, осы жоба-жоспарлардың іске асуына бар күш-жігерімді жұмсауға уәде етемін. Өйткені мен үшін ел сенімін ақтаудан артық абырой жоқ.
Бүгінде әлем үлкен дүрбелең үстінде тұр. Дүние жүзі коронавирус індетінен үрейленіп, барлық салада үдерістер жүріп жатыр. Осы ретте жаңадан жасақталғалы отырған Парламент те өте қиын да, қысылтаяң уақытта жұмыс істеуге дайын болуы тиіс деп есептеймін. Біздің алдымызда үлкен жауапкершілік пен ұлы мақсаттар тұр. Солардың бірі – елдегі жаппай жұмыссыздықты болдырмау. Оның салдарымен күресу, әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған азаматтардың қатарын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында тер төгуіміз қажет.

Сырым ЕРТАЕВ,

праймериз жеңімпазы,

Түркістан облысы