Тағы да бала зорлау: Сарыағаштағы қылмыстық іс Түркістан облыстық ІІД басшылығының жеке бақылауына алынды

0
2 707


Тағы да бала зорлау: Сарыағаштағы қылмыстық іс Түркістан облыстық ІІД басшылығының жеке бақылауына алынды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы ІІД Тергеу басқармасы Сарыағаш ауданындағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекет жайты бойынша қылмыстық істі өндіріске қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Сарыағаш АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданған, онда жиеніне қатысты сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасағаны туралы көрсеткен. Полицейлермен ҚР ҚК-нің 121-бабы «сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Бұл қылмыстық іс Түркістан облысы ІІД басшылығының жеке бақылауында болады.