"TALANT SHOW" байқауының жеңімпазы анықталды

0
2 620

Жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды


ERNUR.KZ. Түркістан облысының жастары бақ сынасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілш

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, облыстық жастар ресуртық орталығы ғимаратының залында «TALANT SHOW» жас әншілер байқауы өтті.


Атап айтсақ, облыстық байқауға Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында 6 тамыз күні басталған іріктеу сындарынан жолдама алған 18 үміткер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Сарыағаш қаласының қызы Садвакасова Фатима иемденді. Сонымен қатар, 1 ші орын Бəйдібек ауданының тумасы Пірімжар Айжан, 2 ші орын Арыс қаласы Жұбатов Мамырхан, 3 орын Ордабасы ауданы Нұрмаханбет Аяжан, Түлкібас ауданының қызы Алиева Ларисаға бұйырды. Ал Созақ ауданының «Шабыт» вокалдық квинтетіне арнайы номинация тағайындалды.

Айта кетейік, бас жүлдеге 500000 тг, 1 орынға 400000 тг, 2 орынға 300000 тг, 3 орынға 200000 тг қаржылай сыйлықтар табысталды.