Танымал спикерлер Шымкенттік 5 кәсіпкердің ісінің жүруіне көмектеспек

0
1 524

Q4 Business School Республикамыздың барлық аймақтарын қамтитын «[Ж]ЕТІСТІК» (Етістік-Жетістік) жобасын қолға алды.


Танымал спикерлер Шымкенттік 5 кәсіпкердің ісінің жүруіне көмектеспек
Q4 Business School Республикамыздың барлық аймақтарын қамтитын «[Ж]ЕТІСТІК» (Етістік-Жетістік) жобасын қолға алды.
Естерізде болса, елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу туралы тапсырма берген болатын. Осы бағдарлама негізінде Жақсылық Үшкемпіров ағамыз күллі Қазақстандағы кәсіпкерлерді туған ауылдарына жәрдем беруге шақырғанын да білесізер. Тұңғыш олимпиада чемпионы өзінің туған ауылы Мыңбай елді-мекеніне жасаған игі істері арқылы халыққа үлгі болды. Осы бастаманы қолдай отырып, Жақсылық Үшкемпіровтің батасын алған Q4 Business School «[Ж]ЕТІСТІК» (Етістік-Жетістік) жобасын іске асыруды бастады.

  • Q4 Business School: Кәсіп бастаймын десеңіз, құр қиялды қойып, сөзден іске көшетін кез келді, ағайын! Бізбен бірге болыңыздар!
Жобаның алғашқы қадамы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шұбарсу ауылынан басталады. Ал ашылу салтанаты 27 наурыз сағат 18:30-да Шымкент қаласы, Республика даңғылы 6А, «SAUKELE» салтанат сарайында өтеді. Алдын-ала тіркеліп, орын алу керек.

Мастер-класс барысында Q4 Business School спикерлері (Шымкент қаласында) арнайы 5 кәсіпкерді іріктеп алып, 1 ай бойы олардың тікелей кәсібінің жүруіне көмектесіп, менторлық етеді.

Тікелей байланыс: +7778-769-30-80

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Автор: erkebulan_kenekhan

ERNUR.KZ