Тәртіп сақшыларына қол көтерген кентаулық тұрғын ұсталды (видео)

0
884

Ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған.


Тәртіп сақшыларына қол көтерген кентаулық тұрғын ұсталды (видео)

Кентау қаласының полицейлері тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен бұзақыны ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желіде "ватсап" мессенджері арқылы полицейлерге қарсылық көрсеткен ер адамның ұсталғаны жөнінде бейнежазба таралған. Тексеру барысында 23.04.2020 ж.Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскені анықталды.

Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан.
Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жүруді өтінген кезде, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған.
Оқиға орнына Кентау қ. ПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Күдікті ұсталды, ол бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған жай Кентау қаласы ПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.