Тауарлы балық көлемінің 70 %-ы Түркістан облысына тиесілі

0
345

3 жылда инвестиция көлемі 2,4 есеге ұлғайған.


Тауарлы балық көлемінің 70 %-ы Түркістан облысына тиесілі

Республикада өндірілетін тауарлы балық көлемінің 70 %-ы Түркістан облысының үлесінде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысы құрылғалы бері, яғни 3 жылдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Облыстың ЖӨӨ 2018 жылмен салыстырғанда 41%-ға артып, 2,4 трлн. теңгені құрады (2018 ж. – 1,7 трлн. теңге). Өнеркәсіп өнім көлемі 18%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі 34%-ға немесе 151,3 млрд.теңгеге артты. Бұл салаға 161,3 млрд.теңге жеке инвестциялар тартылды.


Сондай-ақ, үш жылда егіс көлемі 50 мыңға жуық гектарға ұлғайтылып, 850 мыңдай га орналастырылды. 446 га қосымша жылыжайлар салынып, Республикадағы үлесі 71%-ды құрап 1 246 га-ға жетті. Қарқынды бау шаруашылығы 1,6 мың га артып, 3,1 мың га орналастырылды. Орташа мал мен құс басы 20%-ға, мал шаруашылығынан алынған өнім 15%-ға ұлғайды. 5,4 мың тонна ІҚМ еті экспорталып, Республикада 1 орын немесе үлесі 74%, қой еті 38% (491,1 тн.), құс еті 25% (2 734,3 тн.) құрады.


Сонымен қатар, республикада өсірілетін тауарлы балық көлемінің 70% облыс үлесінде. Соңғы 3 жылда инвестиция көлемі 2,4 есеге ұлғайып, өткен жылы 703,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде Түркістанға 367,6 млрд. теңге инвестицияланды. 740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 21%-ға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд. теңгені құрады.


«Өңір халқын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі үш жылда 88,5%-дан 92,1%-ға жетті. 423 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, қамтылу көрсеткіші 50,2 %-ға жетті. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қанағатты жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 71,2%-дан 79%-ға артты»,-деді брифинг барысында Өмірзақ Естайұы.