Тәжікстан Қазақстанға 315 млн. м3 суармалы су жібереді

0
499

Қазақстан материалдық-техникалық қолдау көрсететін болады.


Тәжікстан Қазақстанға 315 млн. м3 суармалы су жібереді

Тәжікстаннан Қазақстанға ағын су жіберіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәжікстаннан елімізге қосымша 300 млн м3-тан астам суармалы су жіберілетін болды. Мұндай келісім қос ел министрлерінің кездесуінде орын алды.


Атап өтсек, биыл Сырдария өзенінің бассейніндегі су тапшылығына байланысты елімізде күрделі ағынсу жағдайы қалыптастасқаны белгілі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Душанбе қаласында Тәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Д.Джумамен кездесу өткізіп, тәжік тарапымен «Бахри Точик» су қоймасынан биылғы жылғы маусым-тамыз аралығында 315 млн м3 суды қосымша ағызу туралы келімсімге келді.


Бұл Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезеңде суармалы су тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан өз кезегінде Тәжікстанға «Бахри Точик» су қоймасының қосымша жұмыс істеуінің теріс салдары туындаған жағдайда материалдық-техникалық қолдау көрсететін болады.