«Теріскей таланттары» әнінің тұсауы кесілді

0
1 301

«Мыңжылқы» мәдениет сарайында Созақ ауданының 90 жылдығы жəне Астананың 20 жылдық мерекесіне орай аудандық «Теріскей таланттары-2018» халық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті,-деп хбарлайды kz.otyrar.kz.


«Теріскей таланттары» әнінің тұсауы кесілді

фото: kz.otyrar.kz.

«Мыңжылқы» мәдениет сарайында Созақ ауданының 90 жылдығы жəне Астананың 20 жылдық мерекесіне орай аудандық «Теріскей таланттары-2018» халық өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті,-деп хбарлайды kz.otyrar.kz.

Өнер додасында Қ.Досымбековтің сөзіне жазылған С. Батырбековтің «Теріскей таланттары» əнінің тұсауы кесілді.

Ашылу салтанатында ауданның облыстық, республикалық байқауларының жүлдегерлері концерттік бағдарлама беріп, созақтық ақындар мен сазгерлердің əндерін орындап, күмбірлеген күймен шертпе күйдің мекені екендігін танытты. 1998 жылы Созақ ауданының 70 жылдығына орай бастау алған «Теріскей таланттары» халық өнер фестиваліне де биыл — 20 жыл толып отыр.

Фестивальдің мақсаты — ауылдық жерлердегі жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету, отансүйгіштікке баулу болып табылады. Төл өнерді төрге шығарып, дәстүрді дәріптеуге бағытталған фестиваль сегіз жанр бойынша өз дарындарын іздейді. Яғни, «Сырлы саз әуендері» — эстрада жанры, «Зерлі қалам» — бейнелеу өнері, қыл қалам жанры, «Күміс керуен» — қолөнер шеберлері жанры, «Сырлы дүние» — жыр мүшәйрасы және көркемсөз оқу жанры, «Гауһартас» — халық әндері жанры, «Сәукеле» — би жанры, «Сахна иірімі»- драма жанры, «Халық – өнер қайнары» ұжымдық көркемөнерпаздар байқауы таланттарды танытуға əзір.

«Теріскей таланттары» байқауынан ҚР Мəдениет қайраткері, əнші Жұбаныш Жексенұлы, Сəкен Майғазиев, Кенжебек Жанəбілов сынды елімізге танымал өнер жұлдыздары қанат қағып, қазақ мəдениеті көгінде еркін самғап жүргендігі белгілі. Айта кетейік, биылғы жылы өткелі отырған фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан — 2,5 млн. теңге тағайындалған.