Түркістандық мұғалімдер жаңа бағдарлама аясында тәжірибе бөлісті

0
1 315

Коучингтың мақсаты -тізбектелген сабақтар топтамасындағы бағдарламаның түйінді идеяларын қалай ықпалдастыруды, сындарлы оқыту теориясының негізгі идеясын, оларды шешудің шынайы құралдарын анықтайды.


Түркістандық мұғалімдер жаңа бағдарлама аясында тәжірибе бөлісті

фото: facebook.com

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Жорабекова Гульнур Абдукадыровна Шымкент қаласы №97 жалпы орта білім беретін мектептің педагогтермен «Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бағдарламаның түйінді идеяларын ықпалдастыру» тақырыбында коучинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Коучингтың мақсаты: Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бағдарламаның түйінді идеяларын қалай ықпалдастыруды, сындарлы оқыту теориясының негізгі идеясын, оларды шешудің шынайы құралдарын анықтайды.
Коучинг соңында, әрбір педагог өз жұмыстарымен тәжірибе бөлісті, мұғалімдерге оқушылардың жас ерекшеліктерін және білім деңгейлерін ескере отырып, «өзіндік мақсатты» қалыптастыруды үйретті. Оқу үдерісіне белсене қатыса отырып, материалды меңгеруде не білетінін, нені жасай алатынын, оны шешу жолдарын анықтау мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін одан ары шыңдай түсуге, коучингтерді жиі өткізу арқылы да әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін туғызып, Елбасы саясатын жүзеге асыруға ат салысу керек екендігін айтты.
№97 мектеп директоры өз сөзін қорытындылай келе, алдағы уақытта педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында курс аралық іс –шараларды «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасымен бірлесе ұйымдастыруды ұсынды. Себебі заманауи талаптарға сай білім беру сапасын көтеруде кездесетін қиындықтардың шешу жолдарын тәжірибе алмасу арқылы қарастыратыны айқын.