Тоғызқұмалақтан сайыс өтті

0
1 800

Шардара ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде тәуелсіздік мерекесі қарсаңында спорттық ойындар ұйымдастырылды


Тоғызқұмалақтан сайыс өтті

Түркістан облысы, Шардара ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде тәуелсіздік мерекесі қарсаңында спорттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Шардара ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 12 және 13 желтоқсан күндері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесін атап өту аясында іс- шаралар жоспарына сәйкес спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Аталған мектепте өткен спорттық ойындардың жетекшілерінің бастамасымен мектеп оқушылары арасындағы ойын өте қызықты өтті. Тоғыз құмалақ ойыны бойынша жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жорабеков және 8 сынып қыздар аралығында волейбол ойындарының жаттықтырушысы дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Айнабековтердің қадағалауымен екі ойын да өз дәрежесінде, ережеге сай өткізілді. Сайыс соңында жеңіске жеткен командаларды мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жамберова арнайы мадақтама грамоталарымен марапаттады.