Төле биде 2 ауылға су құбыры тартылуда

0
2 011

Зағамбар ауылында сыйымдылығы 300 текше метрді құрайтын екі және 150 текше метрді құрайтын екі су жинағыш-резервуардың құрылысы жүзеге асырылуда.


Төле биде 2 ауылға су құбыры тартылуда

Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ауданымыздың 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Олар: тұрғындары өмір бойы артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары кеңестер заманында салынған Зағамбар ауылы. Бұл ауылдағы құбырлары әбден ескірген.
Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы осы жылдың сәуір айында, ал Тағайнадағы құрылыс мамыр айында басталды.
Сәтін салса, салынып жатқан жаңа су құбырлары ағымдағы жылдың соңына дейін 6 мыңнан аса ауыл тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, бұл жерде сыйымдылығы 300 текше метрді құрайтын екі және 150 текше метрді құрайтын екі су жинағыш-резервуардың құрылысы жүзеге асырылуда. Ауылдарға су елді мекен жанынан анықталған ұңғымалардан беріледі. Екі ауылға тартылатын су өткізгіштердің ұзындығы – 78,327 шақырымды құрайтын болады. Су құбыры желілерінің құрылысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда.
Тағайна ауылындағы құрылыс учаскесінің мердігері "Star-Stroi" ЖШС-і, ал Зағамбар ауылында "Монолит-Дизайн-2030" ЖШС-і.