Төлеби аудандық кітапханасында "Коворкинг" орталығы ашылды

0
2 360

Кітапханаға келген әрбір оқырман өзіне қажетті мәліметтерді тауып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.


Төлеби аудандық кітапханасында

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Түркістан облысы, Төлеби аудандық кітапханасында "Коворкинг" орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Коворкинг" орталығын Нұр Отан партиясы, Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы арнайы келіп, салтанатты түрде ашып берді.

Орталықтың ашылуына Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков бастаған бірқатар зиялы қауым өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Бастаманың негізгі мақсаты жастарды кітап оқуға шақыру болып табылады. Оқырман назарын кітапханаға аудару үшін, кітапханалар жүйесін жаңартып, заман талабына сай құрылғылармен жабдықтау тиімді тәсіл ретінде қарастырылған. Осыған орай, еліміздің бірқатар аймақтарында коворкинг-орталықтары құрылған болатын.

Ауданда ашылған "Коворкинг" орталықта тұрғындардың өз сүйікті істерімен айналысуына бар жағдай жасалған. Орталыққа келушілер ғаламтор желісіне қосылған компьютерлер арқылы онлайн түрде кітап оқып, жеке шығармашылық және ғылыми жобаларын жаза алады. Сондай-ақ мұнда шахмат, тоғызқұмалақ сияқты интеллекті дамытатын үстел ойындары қойылған.

Кітапханаға келген әрбір оқырман өзіне қажетті мәліметтерді тауып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі